Шартарап

Нигерияда бір топ қарақшы 200 оқушыны ұрлап әкетті

  • Нигерияда бір топ қарақшы 200 оқушыны ұрлап әкетті

    Нигерияда бір топ қарақшы 200 оқушыны ұрлап әкетті

Нигерияның батысындағы Тегина қаласында мектеп-интернатқа бір топ қарулы адам шабуыл жасап, 200 оқушыны ұрлап әкетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күннің екінші жартысында содырлар мектеп аумағына басып кіріп, 200 оқушыны ұстап, қашып кеткен. Шабуылдан қаза болғандар мен жараланғандар жоқ.

 
Нигер штатының шенеунігі мектепке шабуыл жасалғанын және оқушылардың ұрланғанын растады. Алайда ол содырлар тұтқындаған мектеп оқушыларының санын атаудан бас тартты.

Соңғы айларда Нигерияда университеттер мен мектептерге шабуылдар жиілеген. Қарақшылар оқушылар мен студенттерді төлем талап ету үшін ұрлап әкетеді. Елдің әр түкпіріндегі мектептер мен университеттерден осы жылдың басынан бері 700-ден астам студент ұрланған.

Нигерияның солтүстігіндегі жергілікті билік наурыз айынан бастап 600-ден астам мектепті жапты. Оқушылар штаттардың қауіпсіз аймақтарындағы басқа оқу орындарына ауыстырылды.

Бұл ретте жұмыс істеп тұрған мектептер мен университеттерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 11:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31