Нигерияда дәстүрлі түрде өтетін байкерлер карнавалының соңы қайғылы жағдайға ұласты. Мас жүргізуші шараны қызықтап тұрған адамдарға соғылып, соның салдарынан 14 адам көз жұмды, деп хабарлайды Экспресс К.
BBC басылымының жазуынша, жылдамдықты шектен тыс асырған жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, адамдар тобына соғылады. Алған соққыдан 14 адам көз жұмды. Полицейлердің мәліметінше көлік тізгінінде отырған адам мас болған.
Қазір ол қамауға алынып, тиісті тексеріс жүргізіліп жатыр. Өйткені тек мотоциклдер ғана жүретін қоршаудағы аймаққа көліктің қалай кіріп кеткені әзірге белгісіз. Айта кетейік, байкерлердің карнавалы Африкадағы ең үлкен көше кеші деп аталып, елде бір ай бойы тойланады.