Шартарап

Норвегияда коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

  • Норвегияда коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

    Норвегияда коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Норвегияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Норвегияда пандемия басталғаннан бері коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың рекордтық тәуліктік өсімі тіркелді - 2 552 жаңа жағдай. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша Норвегияда бір апта ішінде вирустан өлім-жітім 67% артты. Пандемия басталғалы Норвегияда коронавирус инфекциясының 235 314 дерегі анықталды, 995 науқас қайтыс болды. Оңтүстік Кореяда өткен тәулікте коронавирустың 3 292 оқиғасы тіркелді. Пандемия басталғалы елде коронавирусты барлығы 406 065 адам жұқтырған. Өткен тәулікте коронавирустан 29 науқас көз жұмды, қайтыс болғандардың жалпы саны 3 187 адамға жетті. Үндістанда 18 қарашада таңертең коронавирустың 11 919 жаңа жағдайы тіркелді, бұл жыл басынан бері індет жұқтырғандар санын 34 478 517-ге дейін арттырды. Аурушаңдық көрсеткіші 16,8% құрады, соңғы тәулікте елде 470 адам инфекция салдарынан қайтыс болды, зардап шеккендердің жалпы саны 464 623 адамға жетті.
ҚазАқпарат.




Көрілген: 442    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 00:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31