Шартарап

Нью-Йоркте 3 бала белгісіз вирустан көз жұмды

  • https://otyrar.kz/

    https://otyrar.kz/

АҚШ-тағы Нью-Йорк штатында сирек кездесетін қабыну синдромы ауруынан 3 бала қайтыс болды. Бұл туралы штат губернаторы Эндрю Куомо мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

 

Дәрігерлердің болжамынша, балалар коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл олардың денсаулығын нашарлатқан.

 

"Денсаулық сақтау департаменті 73 жағдайды тергеп жатыр. Болжам бойынша коронавирусқа байланысты балалардан жаңа аурудың белгісі анықталды. Салдарынан 5 және 7 жастағы балалар мен жасөспірім қайтыс болды. Аурудың белгілері уытты шок синдромына ұқсас. Алайда COVID-19 вирусына байланысты деректер респираторлық сипатқа ие", - дейді ол.

 

Сонымен қатар, губенатор осы уақытқа дейін коронавирус балалар үшін қауіпті емес ауру болып келгенін атап өтті.

 

"Енді біз сенімді емеспіз. Алайда осы уақытқа дейін бұл аурулар жаңа коронавирус індетімен байланыстырмаған едік", - дейді Эндрю Куомо.

 




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 19:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30