Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Нью-йоркте боран салдарынан ғимарат мұзға айналды

31 желтоқсан 2022, 09:32

Нью-Йоркте қатты соққан боран ғимаратты қатырып тастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Мейрамхананың сырты тұтас мұз боп қалды. Бұған келушілер дән риза. Жаңа жыл қарсаңында ертегідегі сарайға тап болдық, дейді олар.

 

Ал 89 адамды жұмыспен қамтып отырған мейрамхана иелері ауа райының қолайсыздығы салдарынан қанша шығынға батқаны белгісіз. Ол үшін мұз еруі тиіс.

 

Еске салайық, АҚШ-тың Нью-Йорк штатында қарлы боран соғып тұрғанына 1 апта болды. Дауыл 60-қа жуық адамның өмірін қиды.