Нью-Йорк штатының полициясы жексенбі күні Буффало қаласында дауыл кезінде тонау деректері көбейгені туралы әлеуметтік желідегі жазбаларға жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің бірі дүкендегі сынған сөрелерді видеоға түсіріп алған, деп жазды 2 On Your Side.
Желтоқсанның 25-і күні Нью-Йорк штатының полициясы губернатор Кэти Хокул өткен кешкі баспасөз мәслихатында бірнеше оқиғаны ғана растады, алайда журналистерге дүкенге ұры түскенін айтып, шағымданып жатқандар саны көбейген.
Стивен Нигрелли, Нью-Йорк штатының полиция бастығы:
– Бізде құқық қорғау органдары нысанаға алған тонау оқиғалары туралы екі расталған мәлімет бар.
Полиция қызметкері бұл істер бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.