Өжет мысық баланы қаңғыбас иттің шабуылынан құтқарып қалды (видео)

21 қазан 2020, 14:06

Бразилияда түсірілген видео желіде тез таралып кетті. Оның кадрларынан көшеде жалғыз тұрған балаға қаңғыбас иттің шабуыл жасаған сәтін көруге болады.

 

Ит баланы жерге құлатады. Бірақ осы сәтте өжет мысық балаға көмектесуге тырысып, иттің назарын өзіне аударады. Ит пен мысық өзара арпалысып жатқанда ғана ересектер қорқып қалған баланың қасына келді.

 

Желі пайдаланушылары мысық болмағанда баланың жағдайы ауыр болар еді деген пікір қалдырды. Олар ата-аналарға кішкентайларды қараусыз қалдырмаңыздар деп кеңес берді.

 

 

kaz.365info.kz