Шартарап

Оқ тәрізді ұшақ лайнерге қарағанда отынды 80%-ға үнемдейді (видео)

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Әлеуеті зор Celera 500L ұшағы жазғы сынақтан сәтті өтті. Бұл жайында islam.kz порталы The Drive ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Ұшақ конструкциясын құрастырған Otto Aviation компаниясы Celera 500L ұшағын пайдалануы арзанға түсетін бизнес-джет ретінде жобалағанын мәлімдеді.

 

Celera 500L ұшағының артықшылығы мен ерекшелігі неде?

 

Ол, біріншіден, оқ пішінінде жасалған. Мұндай дизайн классикалық ұшаққа қарағанда аэродинамикалық кедергіні бірнеше есе кемітуге мүмкіндік бермек.

 

Сынақ кезінде ол 55 рет сәтті ұшып, жалпы саны 51 сағат әуеде болған.

 

Celera 500L алты жолаушыны сағатына 740 шақырым жылдамдықпен діттеген жеріне жткізеді.

 

Celera 500L, екіншіден, лайнерге қарағанда арзанға түседі пайдаланылуы – лайнерге сағатына 2100 доллар кетсе, бұл ұшу аппаратына бар-жоғы 328 доллар шығын кетеді.

 

Үшіншіден, ол классикалық ұшаққа қарағанда отынды 80% аз қажет етеді.

 

Осыған байланысты қоршаған ортаға зияны аз.

 

Otto Aviation компаниясы Celera 500L ұшағын 2025 жылы пайдалануға бермек.

 

 

 

 

 




Көрілген: 701    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.11.2021, 18:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31