Шартарап

"Өкпеде әйнектің сынықтары тұрғандай". Коронавирус жұқтырған әйел жантүршігерлік видео түсірді

  • "Өкпеде әйнектің сынықтары тұрғандай". Коронавирус жұқтырған әйел жантүршігерлік видео түсірді

Коронавирусты жұқтырған британдық Тара Джейн Лэнгстон Facebook-тегі парақшасында жатүршігерлік видео хабарлама жүктеген. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

39 жастағы Дженй Лэнгстон 13 наурызда ауруханаға түскен. Ол өзін интенсивті терапияда жатқан уақытта видеоға түсіріп, аурудың қалай өрбігені туралы айтып берді.

"Қараңыздаршы, мен жансақтау бөлімінде жатырмын, түтіксіз тыныс ала алмаймын. Маған катетер қосылған. Қазір мен өзімді бұрынғыдан он есе жақсы сезінемін. Егер сіз әлі де темекі шегетін болсаңыз, дәл қазір бұл әдетті тастаңыз. Себебі өкпе сізге әлі керек болады. Сіздерге айтарым, барлық сақтық шараларын сақтаңыздар. Бұл өте қорқынышты. Сіздің де басыңызға түсуі мүмкін" , - дейді ол.

Басылымға берген сұхбатында британдық әйел оған тыныс алу қиынға соғатынын айтты.

"Өкпеде әйнектің сынықтары тұрғандай. Түсіндіру қиын. Мен әр тынысым үшін күресуім керек. Бұл қорқынышты. Тағы да мұндай нәрседен өткім келмес еді", - деді ол. Айтуынша, ауруханаға жатқызыларынан бес күн бұрын ол өзін жайсыз сезінгенін.

Бастапқыда дәрігерлер оның өкпесіне инфекция түскен деп ойлаған. Оған антибиотиктер, ибупрофен және парацетамол дәрілерін жазып берген.

"Мен күніне сегіз таблетка ибупрофен ішетінмін. Қазір дәрігерлер дәл осы дәрілер жағдайымды одан сайын ушықтырды деп отыр», - дейді Джейн Лэнгстон.

stan.kz




Көрілген: 625    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.03.2020, 12:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30