Шартарап

Оқушы бала 9 жасар қызды педофилден құтқарып қалды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Иркутск қаласында 9 жасар қызды көлігіне күштеп отырғызған ер азамат ұсталды.

Оның қылмысына сол жерде кетіп бара жатқан жасөспірім куә болып, қылмыскерге төтеп берген. 48 жастағы жүргізушіге жеткіншек қызды күштеп Toyota Vista көлігіне отырғызып, оны зорламақшы болған деген айып тағылды.

Педофилдің бұл әрекетін 16 жастағы бозбала байқап қалыпты. Ол қыздың жан айқайын естіп, жақын арада тұрған ер азаматты көмекке шақырған.

Артынша екеулесіп жатып, олар қызды қылмыскердің құрығынан құтқарып алады.

Қызды құтқаруға көмектескен 28 жастағы Глеб Сизыхтың сөзінше, жұмыстан енді ғана шығып, көлігін оталдырып жатқанда, 16 жастағы жасөспірім жүгіріп келіп, белгісіз ер адам бір қызды күштеп автокөлігіне отырғызып алып кеткенін айтқан.

"Дереу көліктің артынан қуа жөнелдік. Жол бойында көмекке шақырған бозбала оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді. Алғашында оған сенбеген едім, бірақ оның сөздерінен өтіріктің иісі байқалмады. Біз қыз отырған көлікті қуа жөнелдік, артынша оны тұйық көшеге кіргізе алдық. Жүгіріп барып, жүргізушіні ұстағанымда, ол қызды қарындасымен шатастырып алғанын айтып, кешірім сұрай бастады. Оның бұл сөздерінен кейін, мен бастапқы ойымнан күдіктеніп қалдым. Дегенмен көліктің нөмірі мен маркасын есіме сақтап қалдым", - дейді Глеб.

Айтуынша, ол қыз секемденіп қалады деп, оған бастапқыда бірден жолағысы келмепті. Артынша көз жасын тия алмай тұрған, өз ұялы телефонын беріп анасына хабарласуын сұраған. Содан кейін жеткіншекті үйіне дейін жеткізіп, полицияға хабар беріпті.

Арам ойын іске асырмақшы болған ер адам қашып кетіпті, алайда біраз уақыттан соң полиция қолына түскен. Оның 2017 жылы наурыз айында түрмеден босатылғандығы анықталыпты.

2001 жылдан бері ол зорлық әрекеті үшін бас бостандығынан айырылыпты.

Алдағы уақытта қылмыскер 5 жылдан 12 жылға дейін абақтыға қамалуы мүмкін.

ktk.kz

 




Көрілген: 703    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.11.2019, 09:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31