Шартарап

Оқушы қызға 50 университет грант ұсынды: енді ол 1 миллион доллар шәкіртақы алады

  • © Sputnik / Алексей Мальгавко

    © Sputnik / Алексей Мальгавко

АҚШ-тың Джорджия штатындағы Огаста қалашығындағы мектептің түлегі 17 жастағы Джакелия Бейкерге 50 университет грант ұсынды, деп хабарлайды ABC басылымы.


Ол оқуда озат қана емес, бес спорт түрімен шұғылданады екен. Оқушы қыз волейбол, баскетбол, гольф, теннис және футболдан алдына жан салмайды. Бұдан бөлек, Джакелия - оқушылар кеңесінің мүшесі, шеру оркестріне қатысады, математикалық үйірмеге барып жүр.


Биыл мектеп бітіретін түлек 64 ЖОО-ға өтініш тапсырып, 50 университет оған грант ұсыныпты. Олардың ішінде Пенсильвания және Мичиган сияқты атақты ЖОО-лар бар. Енді оқушы қыздың шәкіртақысы 1 миллион доллардан асады.


Бойжеткеннің айтуынша, мұндай жетістікке жету үшін біраз уақыт достарымен қыдырудан бас тартыпты. Бірақ маңдай тері текке кеткен жоқ, қазір сол бейнетінің зейнетін көріп отыр. Ол басқа оқушыларға алған бетінен қайтпауға кеңес берді.


Sputnik

 




Көрілген: 1189    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.04.2019, 22:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31