Оқушылар мен мұғалімдер мінген автобус жыраға құлады

06 маусым 2022, 19:50

Әзірбайжан астанасы Бакуден 300 шақырым қашықтықтағы Шеки қаласында мектеп оқушылары, мұғалімдер мен ата-аналар мінген көлік апатқа ұшырады. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі "Sputnik Әзірбайжан"-ға сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Isuzu маркалы автобус жолдан шығып, жыраға құлады. Апат кезінде автобуста жүргізушіден басқа тағы 22 адам болды - 16 оқушы, 6 педагог және ата-ана. Барлық жолаушы Самух ауданының тұрғындары, – делінген хабарламада.

 

Елдің Төтенше жағдай министрлігі болған апатты растады.

 

Апат болған жерге ерекше қауіпті жағдайдағы құтқару қызметінің құтқарушылары дереу жіберілген. Зардап шеккендер Щекин орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.