Шартарап

Өле-өлгенше: Анасы семіздікке шалдыққан ұлын тамақтандыра берген

  • Өле-өлгенше: Анасы семіздікке шалдыққан ұлын тамақтандыра берген

    Өле-өлгенше: Анасы семіздікке шалдыққан ұлын тамақтандыра берген



Анасы семіздікке шалдыққан ұлын тамақтандыра берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап. 


Өле-өлгенше: Анасы семіздікке шалдыққан ұлын тамақтандыра берген


Англияның Манчестер қаласында анасы семіздікке шалдыққан балаға тамақ беруді тоқтатпаған. 13 жастағы бала ерте жастан бастап артық салмақпен ауырған. Үш жасында оның салмағы 30 келіден асты. Мектеп дәрігерлері оның денсаулығына алаңдап, баланың мектепке жаяу баруын талап етті. Олар анасына ұлының мектепке барып-келу жолын ұсынып, кеңес берген. 


Алайда, баланың анасы мектептің тәрбиеге араласқанына қарсы болған. Ол ұлын мектепке көлікпен апаруды жалғастырды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің кеңесі бойынша оқушы арнайы диета ұстап, спортпен шұғылданған. Алайда, бұл әрекеттерді оқушы да мектеп мұғалімдері де анасына айтпаған. 


Сот тергеуінің мәліметінше, түскі асқа дейін жасөспірім екі мыңнан астам калория тұтынған. 2014 жылдың желтоқсанында бала бас ауруына байланысты ауруханаға жеткізіліп, біраз уақыттан кейін көз жұмды. 


Семіздіктің салдарынан балада кардиомияпатия дамып, жүректің зақымдануына оның функциясының әлсіреуіне әкеліп соққан. Артық салмақтың болуына байланысты дәрігерлер сау мүшені трансплантациялауға қарсы екенін ескертті. Баланың өлімінен бірнеше апта қалса да, анасы оны тамақтандыруын қоймаған.


Жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды. Мамандардың айтуынша бала келісілмеген емдеу нәтижесінде көз жұмған. Оған қоса, бала толығымен тексеруден өтпеген екен. 


 



 

 




Көрілген: 748    Пікірлер: 0

сенбі, 14.09.2019, 17:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31