Олег Тиньков: "Тинькофф банктегі" үлесімді көк тиынға сатуға мәжбүрледі

03 мамыр 2022, 10:17

Ресейлік кәсіпкер Олег Тиньков ресейлік биліктің Украинадағы әрекеті туралы ойын ашық айтқаннан кейін алғаш рет New York Times газетіне сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экс-банкир "Тинькофф" банкіндегі үлесті сату туралы шешімді ол қысым жасалғандықтан қабылдағанын айтады. Ол үшін бәрі аз ғана уақытта шешілген. Нәтижесінде Олег Тиньковтің отбасынан TCS Group Holding-тің 35 акциясын Владимир Потаниннің "Интеррос" компаниясы сатып алған. 

"Мен бағасын талқылай алмадым. Тұтқынның жағдайында болдым - саған ұсынған нәрсені қарсыласпай аласың", - дейді экс-банкир. 

Тиньковтің сөзінше, өз үлесінің нарықтық құнының 3 пайызын ғана алған: "Олар менің мәлімдемелеріме байланысты оны сатуға мәжбүрледі. Көк тиынға саттым", - дейді ол. 

Сонымен қатар, экс-банкир ресейлік арнайы қызметтегі достары Тиньковтің өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқандықтан оққағар жалдауына тура келген.