Шартарап

"Өлім мен өмір арасындағы таңдауға көмектесіңіздер": Жеткіншек желідегі сауалнамадан соң өзіне қол салған

  • "Өлім мен өмір арасындағы таңдауға көмектесіңіздер": Жеткіншек желідегі сауалнамадан соң өзіне қол салған



Малайзияның он алты жасар тұрғыны Instagram — да оқырмандарына өмірді немесе өлімді таңдауға көмектесуді өтінген пост жариялағаннан кейін өзіне қол жұмсаған, деп хабардайды Stan.kz ақпарат агенттігі Guardian басылымна сілтеп.


әлеуметтік желі


Қыздың денесін Кучинг қаласындағы сауда орталығының жанында кездейсоқ өтіп бара жатқан адам тауып, полицияны шақырған. Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, қаза болғанға дейін жасөспірім желіде "өте маңызды, маған D мен L арасындағы таңдауға көмектесіңіз"деген тақырыпта сауалнама жариялады. Тергеушілер D Death (өлім), ал L — Life (өмір) деп санайды, себебі қыз Facebook-те: "өмірден кеткім келеді, Мен шаршадым"деген статус жазып қалдырған. Instagram-да дауыс бергендердің 69 пайызы "D"нұсқасын таңдаған.


Малайзияның Спорт және жастар саясаты министрі бұл трагедияны бүкіл ел деңгейінде психикалық денсаулықты талқылау қажеттілігі туралы белгі деп мәлімдеді.  Жергілікті парламентшілердің бірі өлім үшін дауыс берген оқырмандар оның өліміне кінәлі болуы мүмкін деген пікірін білдірді.


"Егер оны өз ойынан бастартуға үгіттегенде қазір тірі болар ма еді? Ол көмекке зәрі болды ма екен? Біздің елімізде өзіне — өзі қол жұмсау әрекеті заңсыз болғандықтан, мұндай өлімге себепкер болу да жазалауға әкеп соқтыруы мүмкін", - деді ол.


2019 жылдың қаңтарында Ұлыбританияда балалар игілігі үшін елдегі әлеуметтік желілерді оқшаулау туралы сөз қозғалған еді. Денсаулық сақтау министрінің пікірінше, егер әлеуметтік желілердегі қауіпті контентпен күресудің тиімді шараларын ойлап таппаса, билік осындай шараларға баруға дайын.


 



 

 




Көрілген: 274    Пікірлер: 0

сенбі, 18.05.2019, 16:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30