Шартарап

"Өлтірмеңіздер": Ауылдастарына коронавирус жұқтырған әйел адам тізерлеп кешірім сұрады (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Украинада ауылдастарына коронавирус жұқтырған әйел тұрғындарға видеоүндеу жасап, олардан тізерлеп кешірім сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

 

Украинаның батысындағы Черновицкая облысына қарасты Коленковцы ауылының тұрғыны елді-мекен халқы арасында коронавирус таратқаны үшін кешірім сұрап, видео үндеу жасаған.

 

"Обозреватель" порталының жазуынша, әйел адам коронавирус ошағына айналған Италиядан келген, алайда өз бетінше оқшауланбаған. Ол қоғамдық іс-шараларға, митингтерге белсенді қатысқан. Нәтижесінде оның балалары, немерелері, ауыл басшысы және 14 ауылдасы инфекция жұқтырып алған.

 

"Сіздердің менің үйімді өртеп, менің балаларым мен немерелерімді физикалық тұрғыдан жазалағыларыңыз келетінін естимін. Мен бүгін келдім, жазылып шықтым, балаларым да жазылды, оларды өлтірмеңіздер. Егер осыдан бірнәрсе өзгерсе, қаласаңыздар мені өлтіріп, пышақтап, ұрыңыздар. Мен сіздерден кешірім сұраймын", - деді әйел адам тізерлеп тұрып.

 

Ауыл тұрғынының сөзінше, ол отбасымен бірге ешқайда шыға алмайды. Тіпті олардың азық-түлігі де таусылған. Сондай-ақ ол бұдан былай ешқашан Италияға бармауға уәде берген.

 

Айта кетсек, соңғы деректерге сәйкес, Украинада 475 коронавирус жұқтыру дерегі тіркеліп, оның 10-ы өліммен аяқталған. Тағы алты адам емделіп шыққан.

 

Еске салайық, әлемде COVID-19 инфекцисын жұқтырғандар саны 726 мың 187 адамға жетті.

 

ВИДЕО: www.youtube.com/watch




Көрілген: 4561    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2020, 10:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31