Шартарап

Омикрон штаммы қалай пайда болғанын ғалымдар айтты

  • Омикрон штаммы қалай пайда болғанын ғалымдар айтты

    Омикрон штаммы қалай пайда болғанын ғалымдар айтты

Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің қызметкері Чан Сикхулиле Мойо планетада коронавирустың омикрон штаммының тез таралуы аясында оның пайда болуының болжалды себебін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме беріп хабарлайды.

Оның айтуынша, омикрон штаммы вирус адамнан жануарға берілгеннен кейін пайда болды. Ол тез арада бейімделіп, адамдарға қайта оралған.

"Біз әлі де қысқа мерзімде осыншама көп мутация пайда болғанын түсінуге тырысып жатырмыз. Егер сіз алдыңғы штаммдарға, "альфаға", "бетаға" қарасаңыз, уақыт өте келе мутациялар пайда болғанын көресіз", – дейді SARS-CoV-2 жаңа нұсқасын бірінші болып анықтаған зерттеушілердің бірі.

Мойоның айтуынша, вирустың жаңа штаммының бүкіл әлемге тез таралуы алаңдаушылық тудырады. Ол өзіне мутация үлгісін жинақтайтын сияқты.

Айта кетейік, B. 1.1.529 атты жаңа штамм 20 қарашада Ботсвана мен Оңтүстік Африкада табылды. Оның құрамында S-ақуызында ондаған мутация бар. Мутация патогенді жасушаларға жұқтыру үшін қажет.

Зерттеушілердің пікірінше, SARS-CoV-2 геномындағы көптеген жаңа өзгеріс науқастар мен вакцина алғандардың антиденелеріне төзімді екенін көрсетеді. 

Сарапшылардың пікірінше, B. 1.1. 529 бастапқыда омикрон иммунитеті әлсіреген адам ағзасында дамыған. Ол СПИД немесе ВИЧ-пен ауыратын адам болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы B. 1.1.529- ны "алаңдаушылық тудырады" деп таныды және оған грек алфавитінің 15-әрпі бойынша "омикрон" атауын берді. Сарапшылар қазірдің өзінде ауырып, вакцинацияланған адамдар да оны жұқтыруы мүмкін деп санайды. Ал вирустың белгілері бас ауру мен дененің ауырсыну.




Көрілген: 735    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.12.2021, 10:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31