Омикрон штамының таралуына байланысты Давостағы форум өтпей қалды

21 желтоқсан 2021, 07:57

Давостағы форум омикрон штамының таралуына байланысты кейінге қалдырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Бастапқыда іс-шара қаңтар айының соңына жоспарланған болатын, алайда жаз мезгіліне ауыстырылды. «Қатаң медициналық хаттамаларға қарамастан «омикрон» штамының таралу жылдамдығы және оның сапар мен қозғалысқа әсері форумды кейінге қалдыруды қажет етті», — деп түсіндірді ұйымдастырушылар.

 

Қытайда үш жастан 11 жасқа дейінгі 140 миллион бала коронавирусқа қарсы егілді. Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығының хабарлауынша, балаларда байқалған жанама әсерлердің жиілігі ересектерге қарағанда төмен. Кәмелетке толмағандар вакцинация туралы толық хабардар болған және иммундаудан өтуді қалаған және келіскен жағдайда ғана екпе салдыра алады.

 

АҚШ-та 12 мыңнан астам әскери адамдары діни себептерге байланысты вакцинациядан босатуды сұрады. Military Times мәліметтері бойынша әзірге сұраулардың ешқайсысы қанағаттандырылған жоқ. Әуе күштерінің әскери қызметшілерініғ көпшілігі, яғни 4 700-ден астам әскери вакцинацияға қарсы шықты, газетте жарияланғандай, бұл әскер қолбасшылығы үшін күтпеген жағдай болды.