Шартарап

Омырауы өсіп кеткен жігітке 8 миллиард доллар төленуі мүмкін

  • © Sputnik / Алексей Даничев

    © Sputnik / Алексей Даничев

Американың Филадельфия қалалық алқабилер соты Мэриленд штатының тұрғынынан түскен арыз-шағымды қанағаттандырды. Оған сәйкес, Johnson & Johnson компаниясы 8 миллиард доллар өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлады Wall Street Journal.


Николас Мюррейдің айтуынша, Американың ірі компаниясы "Risperdal" деген препараттың жанама әсері туралы ешқандай ескерту жасамаған. Ол бала кезінде 2003-2008 жылдары аралығында осы дәріні шизофрения және биполярлы бұзылуға қарсы қабылдаған. Алайда бертін келе, препараттың жанама әсері көріне бастайды. Жас жігіттің сүт безі тіндері өсіп кеткен. Оның ойынша, Johnson & Johnson медициналық препараттың жанама әсері жайында білген. Бірақ рецепт жазып беретін дәрігерлерді ескертпеген.


Осыдан төрт жыл бұрын алқабилер соты компанияны 1,75 миллион доллар көлеміндегі өтемақы төлеуге міндеттеген болатын. Дегенмен, артынан ол сома 680 мың долларға дейін төмендетілді. Ал Мэриленд штатының тұрғыны қарсы шағым түсіріп, 8 миллиард долларды талап етті.


Johnson & Johnson соттың соңғы шешімімен келіспеді. Компания мамандары өтемақының алғашқы және соңғы соманың айырмашылығы жер мен көктей деп отыр. Сондықтан қарсы шағым түсіретіндерін мәлімдеді. Олар сот үкімінің жойылатынына сенімді.


sputnik


 




Көрілген: 590    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 09:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31