Шартарап

Он бір жыл бұрын жоғалған қыз көрші үйден табылды

  • © CC0 / Tatlin

    © CC0 / Tatlin

Үндістанның Керала штатында 11 жыл бұрын 18 жастағы қыз үйінен қашып кеткен. Жақында 29 жасқа келген қыз көрші үйден табылды, деп жазды Indian Express.

 

Саджита 2010 жылы із-түзсіз жоғалып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмепті. Ата-анасы іздеп, таба алмаған. Жас қыз сүйіктісімен бірге болу үшін үйден қашып кеткен болып шықты. Оның ғашығы Алинчуваттил Рахман көрші үйде тұрады. Бір қызығы, жігіттің әке-шешесі де қыздың 11 жыл бойы үйде болғанын білмеген.

 

Саджита пен Рахман әртүрлі дінді ұстанғаннан кейін ата-аналары екеуінің қосылуына рұқсат бермейді деп қорыққан. Содан екі жаққа да айтпай, 11 жыл бойы Рахманның бөлмесінде тығылып тұрған. Жігіт ішке ешкімді кіргізбеген. Рахман адамдармен көп араласпапты. Сол себепті көбісі оны психикалық ауытқуы бар деп ойлаған. Бірақ жас жігіт бәрін ойластырып қойғаны белгілі болды.

 

Рахман тамақты тығып тасыған. Дәретхана мәселесін де қарастырып қойыпты. Саджита үйдегілердің бәрі жұмысқа кеткенде шыққан. Ал түнде терезе арқылы далаға шығып отырған. Кірін бөлмеде жуып, сол жерде кептіріпті. 

 

Жақында Рахман мен Саджита басқа ауылға қашып кеткен. Бірақ жігіттің туыстары оларды тауып алған. Құпия махабаттың мән-жайы да анықталды. Полиция екеуіне бірге тұруға рұқсат берді.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 859    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 17:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31