Шартарап

Ондаған әйелді жүкті қылған 80 жастағы дәрігер жауапқа тартылды

  • Көрнекі фото.   © livejournal.com

    Көрнекі фото. © livejournal.com

Канаданың Оттава қаласында репродуктолог дәрігер Бернард Норман Барвин ондаған жыл бойы бедеу келіншектерді жасанды ұрықтандырғанда, басқа ер адамның шәуетін пайдаланған.


25 маусымда медицина стандартын бақылаушы және лицензия беруші Онтарио колледжі Барвинді 10 мың Канада долларын (3 миллион теңгеге жуық) төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ медицина саласында жұмыс істеуіне тыйым салып, лицензиясынан айырды. 80 жастағы дәрігер бұл шешімге қарсылық танытып, шағым түсірген жоқ, деп хабарлайды CBC News порталы.


2013 жылы дәрігер үш әйелді жасанды ұрықтандырғанда басқа еркектің шәуетін пайдаланғаны үшін жұмыстан аластатылды. Ол кезде Барвин бұл әрекетін "шатастырып алдым" деп түсіндірген еді.


Оның дәрігерлік қызметінде осындай жайт шамамен 50-100 рет қайталаныпты. 11 жағдайда Барвин келіншектерге айтпай, өзінің биологиялық материалын пайдаланған.


ЭКО арқылы дүниеге келген балалардың бірі өзінің ата тегін білмек болғанда ғана, дәрігердің астыртын әрекеті әшкере болды. Сол кезде тағы бір балада генетикалық жолмен берілетін дерт анықталды, ал оның ата-анасы мұндай аурумен ауырмайды екен.


ЭКО арқылы дүниеге келгендердің бірі – 29 жастағы Ребекка Диксон үш жыл бұрын туған әкесі Барвин екенін білді.


"Бір сәтте өмірім түбегейлі өзгеріп кетті. Біраз уақыт өз-өзімді жат сезініп жүрдім", - дейді қыз.


Қазір Диксон өзінің туған аға-бауырларын іздеп жатыр. Әзірге 15 туысын тауыпты, бірақ олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін.


Sputnik 




Көрілген: 2439    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 17:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31