Шартарап

Оңтүстік Корея COVID-тің үшінші кезеңі басталғанын мәлімдеді

  • Оңтүстік Корея COVID-тің үшінші кезеңі басталғанын мәлімдеді

    Оңтүстік Корея COVID-тің үшінші кезеңі басталғанын мәлімдеді

Оңтүстік Корея үкіметі коронавирустың таралуы мүмкін аса қауіпті қызметке қатысты да қатаң шара қабылдап отыр. Мысалы, тауарды есіктен есікке дейін сату қолға алынған.

Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау министрлігі өкілі Юн Тэ Хо республика астанасында коронавирус инфекциясы таралуының үшінші кезеңі басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik.kz, The Korea Herald басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Юн Тэ Хоның айтуынша, қазір Сеулде инфекция ақпан-наурыз және тамыз айларында тіркелген кездегідей таралып жатыр.

Осыған байланысты жақында денсаулық сақтау министрлігі биліктің жағдайды тиімді шеше алуы үшін әлеуметтік арақашықтық деңгейін түзету бойынша ұсыныстар жариялайды.

Сонымен қатар министрлік өкілі шектеулер деңгейінің жоғарылауы вирустың таралуын бәсеңдеткенімен, экономиканы айналып өтпейтінін айтты. Сондықтан муниципалды билік орындарына аймақтағы жағдайды саналы түрде бақылау тапсырылды.

Енді мегаполис тұрғындары әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет. Адам көп баратын нысандар қызметіне шектеу қойылды.

Оқушыларға да шектеулер енгізілді. Енді оқу орындарына оқушылар жалпы санының үштен екісі бара алады, сабақтың бір бөлігі онлайн режимде өткізіледі. Оңтүстік Корея үкіметі коронавирустың таралуы мүмкін аса қауіпті қызметке қатысты да қатаң шара қабылдап отыр. Мысалы, тауарды есіктен есікке дейін сату қолға алынған.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяда бірнеше күн қатарынан 300-ден астам адам Covid-19 жұқтырды.

sn.kz




Көрілген: 634    Пікірлер: 0

жұма, 20.11.2020, 19:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31