Оңтүстік Корея КХДР-ға жауап ретінде екі зымыран ұшырды

25 мамыр 2022, 14:39

Оңтүстік Корея КХДР-ға жауап ретінде екі зымыран ұшырды. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыранына жауап ретінде АҚШ пен Оңтүстік Корея АҚШ әскерінің тактикалық зымыран жүйесін (ATACMS) және оңтүстік кореялық SRBM Hyunmoo2-ні пайдаланып бірлескен тікелей атыс жаттығуларын өткізді.

 

"Әскеріміздің күш көрсетуі Солтүстік Кореяның кез келген арандатуына, зымыран ұшыруына жауап беруге дайындығымызды, арандатушылық әрекеттерге соққы беруге әзір екенімізді көрсетуге арналған", - дедлінген хабарламада.

 

Сеул Жапон теңізіне қарай "Хенма-2" зымыранын, ал Вашингтон бір ATACMS снарядын ұшырды.

 

Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ель Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің алғашқы отырысында КХДР-дың зымыран ұшыруын "ауыр арандатушылық" деп айыптады.