Шартарап

Оңтүстік Корея коронавирус инфекцияларының «жарылыс» толқынына ұрынуы мүмкін – ел президенті

  • https://en.yna.co.kr/

    https://en.yna.co.kr/

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин дүйсенбі күні пандемияның елдегі қазіргі жағдайын қадағалай алмаса, коронавирус инфекцияларының «жарылыс» толқынына ұрынуы мүмкін екендігін ескертті. Бұл туралы ҚазАқпарат Оңтүстік Кореяның YONHAP агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

«Егер біз қырағылықты әлсіретсек, бұл жарылыс күші бар пандеямияға соқтыра алатын қауіпті жағдай болмақ», - деп атап өтті ол коронавирусқа байланысты өткен шұғыл ведомствоаралық кеңес кезінде.

 

Елдің коронавирус инфекцияларының төртінші толқынына ұрынуы мүмкіндігіне қатысты қауіптенуі өсіп келеді.

 

Президенттің айтуынша, қазіргі кезеңде ең маңыздысы, барлық жерде жүре алатын «жасырын инфекцияланған адамдарды» анықтау ең маңызды болып табылады.

 

Сондай-ақ Мун Чжэ Ин «егер коронавирус бақылауға алынбаса, үкіметтің экономика және адамдар тіршілігіне түсетін ауыртпалыққа қарамастан, жоғары әзірлік деңгейіне өтуден басқа амалы қалмайтынын ескертті.

 

Бұған қоса ол қоғамнан вакциналау бағдарламасын қолдауды сұрап, оның сәтті болуы «жылдамдық пен қауіпсіздікке» тәуелді екенін мәлімдеді.

 

Президент елдің денсаулық сақтау органдарының 30 бен 60 жас аралығындағы тұлғаларға AstraZeneca екпесін қайта сала бастау шешімін де еске салды.

 

 

 




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 20:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31