Оңтүстік Кореяда жүк кемесі бортындағы 22 экипаж мүшесімен қоса суға батып кетті

25 қаңтар 2023, 10:13

Оңтүстік Кореяның Чеджу аралының жағалауында бортында 22 экипаж мүшесі бар жүк кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
 

Yonhap ақпарат агенттігі таратқан мәлімет бойынша, кеме  Чеджу аралындағы Согвипхо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148,2 шақырым жерде суға батып кеткен.

Бортта 22 экипаж мүшесі болған: 14 Қытай азаматы және 8 Мьянма азаматы. Экипаждың екі мүшесі құтқарылды, қалғандары іздестіріліп жатыр.

Жергілікті биліктің мәліметінше, ағаш таситын Jin Tian кемесі Гонконгта тіркелген.