Шартарап

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті қайтыс болды

  • Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті қайтыс болды

    Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті қайтыс болды

1990 жылы КСРО-мен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ро Дэ У 88 жасында қайтыс болды. Бұл туралы "Ренхап" агенттігі жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

 Ро Дэ У - 1988 жылдан 1993 жылға дейін елді басқарған әскери генерал. Ол Кеңес Одағы және КХДР-мен тығыз байланыс орнатып, басқа да социалистік елдерді тануға ұмтылған. Ро Де У 1990 жылы Сан-Францискода Кеңес Одағының президенті Михаил Горбачевпен кездесіп, екі мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан.

Ро Дэ У 1951 жылы 17 тамызда Тэгу қаласында дүниеге келген, әскери білім алғаннан кейін армияда басшылық қызметтер атқарған. Чон Ду Хванның мұрагері болғаннан кейін Ро Дэ У премьер-министрлер деңгейінде диалог орнатқан, ал 1992 жылдың басында КХДР-мен шабуыл жасамау, татуласу, алмасу және ынтымақтастық туралы келісім күшіне енген.

Президенттіктен кеткеннен кейін Ро Дэ У Сеулде тұрды және 1995 жылы қарашада тұтқындалып, пара алғаны үшін түрмеге қамалған. Екі жылдан кейін елдің Жоғарғы соты оны 17 жылға бас бостандығынан айырды, бірақ көп ұзамай рақымшылық жасалып бостандыққа шыққан.

 Tengrinews.kz




Көрілген: 368    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.10.2021, 14:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31