Оңтүстік Осетия Ресейге қосылуға ниетті

31 наурыз 2022, 09:30

10 сәуірде мойындалмаған республика басшысын сайлаған соң Оңтүстік Осетияның Ресейге қосылуы жөнінде референдум өтеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оңтүстік Осетияда 10 сәуірден кейін Ресейге қосылу туралы референдум ұйымдастырмақ, деп хабарлайды Deutsche Welle.

 

Бұл туралы мойындалмаған республиканың басшысы Анатолий Бибилов мәлімдеді.

 

Анатолий Бибилов:

 

– Бөлінген осетин халқының басты тарихи, стратегиялық мақсаты – бір мемлекет аясында бірігу. Бұл мемлекет – Ресей Федерациясы (…) Тиісті заңды қадамдарды жақын арада жасаймыз.

 

Кейінірек Бибиловтың баспасөз хатшысы Оңтүстік Осетияның Ресейге қосылуы туралы референдум 10 сәуірде өтетін мойындалмаған республика басшысын сайлаудан кейін өткізу жоспарланып отырғанын нақтылады.

 

Ал Абхазия басшылығы республиканың мұндай жоспары жоқ екенін атап өтті.