Шартарап

Оралда полицейдің кінәсінен болған жол апатында зардап шеккен жүргізуші келіншек көз жұмды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Оралда полиция қызметкері кінәлі жол апатынан зардап шеккен жүргізуші келіншек көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 7 желтоқсан күні сағат 03.00-дер шамасында болған.

Орал қаласы полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция аға лейтенанты, 1985 жылғы Медет Рахадилов «Audi B4» көлігімен Жәңгір хан көшесінде жол қауіпсіздігін сақтамай, алда тұрған «Chevrolet Lacetti» автокөлігін соққан. Оның рулінде болған 1990 жылғы келіншек түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілгенімен, бүгін ес жимастан қайтыс болды.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұмның соңында ері мен төрт баласы қалды.

9 желтоқсан күні БҚО полиция департаменті тәртіптік кеңесінің шешімімен аталған қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылды. Сондай-ақ уақытша оқшаулау изоляторына қамалған оған қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкеріне қатысты тағы бір оқиға 2 желтоқсан күні Тасқала ауданы Тасқала ауылында болды. Аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы, 1976 жылғы Сәкен Қазжанов сағат 06.00 шамасында «Шевроле Нива» автокөлігімен М.Мәметова көшесінде жолдан өтіп бара жатқан 1963 жылғы тұрғынды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Қазіргі кезде бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі және 347-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, ер адам Орал қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде, есін жиған жоқ.

 




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.12.2019, 22:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31