Шартарап

Орманнан қараусыз қалған 50-ден астам жап-жаңа Toyota Camry автокөлігі табылды

  • Орманнан қараусыз қалған 50-ден астам жап-жаңа Toyota Camry автокөлігі табылды

    Орманнан қараусыз қалған 50-ден астам жап-жаңа Toyota Camry автокөлігі табылды

Ресейдегі Челябинск қаласының маңындағы орманда жергілікті тұрғындар 56 қараусыз қалған Toyota Camry көлігін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Toyota Camry

74.RU хабарлауынша, машиналардың барлығының түсі қары, сырт көріністері ұқсас. Өкілдік класты машиналар ашық аспан мен ағаштардың астында тұр, Смолино көлінің жанындағы учаскеде орналасқан.

 

Портал оқырмандарының бірі басылымға фотосуреттер мен бейнежазбалар жіберген. 

"Шамамен жарты жылдан бері тұр, қысқа дейін шағын партиямен алып келді. Оларды әлі ешкім айдаған жоқ", - дейді басылым оқырманы.

Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, өткен жылдың күзінде автомобильдер Челябинскіде өтуі тиіс ШЫҰ мен БРИКС саммиттері үшін сатып алынған болатын. Үкімет сатып алуға 120 миллион рубль (1,64 миллион доллар) жұмсады.

Келісім-шартта машиналарға қойылатын техникалық талаптар нақты жазылған:"көліктің түсі - қара металлик, салон ішінен де қара, қорап-автомат, қозғалтқыш қуаты 181 а.к., жаңбыр датчигі, артқы көрініс камерасы, орындықтарды жылыту және күннен қорғайтын перделер, орындықтарды терімен қаптау".

Басылымның сұрауына жауап ретінде жергілікті билік автокөліктерді қашан пайдалануға болатындығын айтпады.

"Шешім жылдың екінші жартысында қабылданады", - деп қортындылады аймақтық үкіметте.

 
 

 




Көрілген: 566    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 10:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30