Шартарап

Отбасы жалға беріледі: жалғыз-жалқы адамдарға жаңа қызмет ұсынылды (видео)

  • Видео кадры

    Видео кадры

Жапонияда жалғыз адамдар осы қызметке жиі жүгінетін болған. Олар отбасының рөлін ойнауы үшін бейтаныс жандарға ақша төлеуге даяр.


Бірақ қызмет арзан емес: отбасының бір мүшесін жалдау 200 доллар тұрады.


Жапония азаматы Кадзусигэ Нисида бірнеше жыл бұрын әйелі өмірден озған соң, жалғыздықтан құтылу үшін осы қызметке жүгінген. Өзінің туған екі қызы жеке тұрғандықтан, әкесіне сирек келеді екен. Сол себепті ер адам отбасыны жалдауға мәжбүр болып отыр.


Тағы оқыңыз: Жалғыздықтан қалай арылуға болады?


Бұл қызмет Жапонияда кең тарап келеді, дейді фирма өкілдері. Ай сайын 250 өтініш түсіп тұрады екен. Отбасын жалдау қызметін ұсынатын фирманың басшысының айтуынша, бұл шетелдіктерге біртүрлі көрінгенімен, жапон халқы жұрттың пікірімен санасып, қоғамда ел қатарлы өмір сүргісі келеді.


Жалға алынған отбасы қонаққа келіп, араласып, бірге түскі ас ішеді, қыдырады.


 


sputniknews.kz




Көрілген: 989    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.05.2019, 13:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31