Шартарап

Өтінемін, ақымақ болмаңыздар: Коронавирус жұқтырған адам әлем халқына үндеу жасады

  • Мэтт Доккрэй. Фото: lenta.ru

    Мэтт Доккрэй. Фото: lenta.ru

Англияда коронавирустық инфекциямен жансақтау бөлімінде жатқан науқас әлем халқына үндеу жасады. Ер адам көпшіліктен сақтық шараларын барынша ұстап, ет жақындарының өмірін қатерге тікпеулерін өтінді деп хабарлайды  KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

 

Марлоу қаласы, Бакингемшир графтығының тұрғыны Мэтт Доккрэй 1 наурызда футбол көріп отырған кезде аздап жөтеле бастапты.

 

Оның айтуынша, үш апта ішінде жөтелге дене қызуы, бас ауруы мен қалтырау қосылған. Күн сайын денсаулығы нашарласа да, ол барынша сыр бермеуге тырысқан.

 

Доккрэй дәрігердің қабылдауында болып, оған маусымды ЖРВИ диагнозы қойылған. Алайда ол қажетті ем қабылдаса да жағдайы нашарлай түскен.

 

Ақыр соңында, ер адамның жұбайы үйіне дәрігерлерді шақырып, науқастың коронавирус жұқтырғаны анықталған.

 

"Мен қазір жансақтау бөліміндемін. Жақында ғана маған көңіл көншітпейтін болжамдар жасады. Менің екі өкпем де істен шыққан. Дәрігерлер мені өкпені жасанды демалдыратын аппаратқа қосуға дайындады. Бірақ мен әрбір тынысым үшін күресіп, сауығу үшін бәрін жасауға шешім қабылдадым. Үш күн өткен соң менің жағдайым тұрақталды. Алайда бұл өзімді жақсы сезінетінімді білдірмейді", - дейді Доккрэй.

 

Интенсивті терапия бөлімінде жатқан британиялық азамат адамдарға коронавирустың қауіпті екенін ескертті. Ол өзіне ауру жұқпайды деп есептейтін, карантинді сақтамайтындарға үндеу жасады.

 

"Әр сағат сайын COVID-19 пандемиясынан көз жұмған науқастармен олардың отбасылары терезе арқылы қоштасып тұрғанын көремін. Өтінемін, ақымақ болмаңыздар. Мен тіпті, қатты қамыққан кезде әйелім мен балама қоштасу видеосын жазып қойдым", - дейді 39 жастағы ер адам.

 

Сондай-ақ Доккрэй адамдарды жаппай азық-түлік сатып алуды тоқтатуға, сақтық шараларын сақтауды ұмытпай, туыстары мен жақындарының денсаулықтарын қатерге тікпеуге шақырды.

 




Көрілген: 1188    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.03.2020, 17:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Наурыз, 17:33
    Мешітте атыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31