Шартарап

Отыз жеті баланы зорлап, үшеуін өлтірген педофил бостандық сұрайды

  • © Sputnik / Евгений Одиноков

    © Sputnik / Евгений Одиноков

Ресейде "Черный дельфин" колониясында жазасын өтеп жатқан қанішер-педофил еркіндік сұрады.


Сызрань қалалық соты өмір бойына сотталған педофил Олег Рыльковтың түрмеден босату туралы өтінішін қарауды бастады, деп хабарлады КТВ-ЛУЧ.


Қылмыскер ауыр науқастан зардап шегетінін айтқан. Ол іс материалдарын адвокатпен талқылауға уақыт табу үшін отырысты кейінге қалдыруды сұрады.


"Маған өзім бұрын ешқашан сөйлеспеген адамды адвокат етіп тағайындады. Меніңше адвокат іске құлшына кірісе қоймайды", - деп шағымданды ол.


Сот бұл өтінімді қанағаттандырды.


Құқық қорғау органдарындағы дереккөз Рыльков бірнеше адамды өлтіргендер жазасын өтейтін "Черный дельфин" түрмесіне қайтып оралу мерзімін барынша кешіктіруге тырысып жатыр деп пікір білдірді.


Олег Рыльков алты жастан 13 жасқа дейінгі 37 кәмелетке толмаған баланы зорлап, төрт адамды, оның ішінде үш баланы өлтіргені үшін сотталған. 1998 жылы қылмыскер өлім жазасына кесілді, дегенмен мораторий енгізілуіне байланысты үкім өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.


Sputnik


 




Көрілген: 588    Пікірлер: 0

жұма, 12.07.2019, 09:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30