Ойда-жоқта көзінен қан аққан азамат шошып кеткен

03 қараша 2018, 20:30

Сирек кездесетін аурумен ауыратын италиялық азаматтың көзінен ойда-жоқта қан ағып кетті. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

52 жастағы азамат көзінен аққан қанды көргенде жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер келген соң көзден аққан қан тоқтап, артынша қайта басталыпты. Дәрігерлер нуқастың жағдайында еш ақау болмағанына, оның көздері ауырмағанына таң қалыпты.

Артынша азаматтың денсаулығын тексерген ақ халаттылар оның көз алмасын жауып тұрған мембранада бірнеше ісік бар екенін байқапты. Мұның барлығы көзде сирек кездесетін, жастың орнына қан ағатын гемолакрия ауруын көрсеткен.

Дертке қарсы тамшы тамызған соң науқаста қан аралас жас қайтадан ақпаған екен.