Шартарап

Өзбек әншісі Жұлдыз Османова қарақалпақтарға тіл тигізді

  • Сурет: Sputnik / Рамиз Бахтияров

    Сурет: Sputnik / Рамиз Бахтияров

Қарақалпақ тілінде шығатын "Эл хизматинда" газетінің бас редакторы Сұлтонбек Зиёев пен басылым заңгері Даврон Тожимуродов Өзбекстан мен Қарақалпақстанның халық әртісі Жұлдыз Османованы сотқа берді.

 

Сотқа арызданушылар "қарақалпақтар - өзбек шапанының көлеңкесінде өмір сүріп жүрген халық" деген өзбек әншісінің кешірім сұрауын талап етті. Османова бұны 2020 жылы ZO'R TV телеарнасының "Сиз билан" бағдарламасында айтқан.

 

Газет заңгері Даврон Тожимуродовтың айтуынша, арызды Ташкент қаласының Мирзо-Ұлықбек ауданаралық сот қабылдап алған. Арызда Жұлдыз Османова "қарақалпақ халқынан кешірім сұрауы тиіс" деген талап айтылған.

 

Сот хатшысы газет арызы тіркелгенін, бірақ соттың қашан басталатыны әзірге белгісіз екенін айтты.

 

"Эл хизматинда" газетінің бас редакторы Сұлтонбек Зиёевтің хабарлауынша, сотқа арыздану үшін бес ай уақыт кеткен.

 

Азаттық радиосы өзбек қызметінің тілшісі "Сиз билан" бағдарламасын қарап шықты. Онда Жұлдық Османова былай деген:

 

Бұл ел неге Қарақалпақстан деп аталады деп сұрауыңыз мүмкін. Онда өмір сүру оңай емес. Өте ауыр. Бірақ бұл халық Өзбекстан шапанының ішінде құшақтаса өмір сүріп жатыр. Біз қарақалпақ халқы үшін жауаптымыз. Алланың, басқа халықтардың алдында. Өйткені олар біздің бір бөлшегіміз. Аралдың жартысы құрғап қалды. Олардың тұрмысы ауыр, балық аулап өмір сүреді. Оларда қала бар (кішкентай қала екенін саусағымен көрсетеді). Бірақ бізде шалғайдағы мекендерде киізүйде тұратын халық бар, - деген Жұлдыз Османова.

 

Дегенмен "Эл хизматинда" газетінің бас редакторы мен заңгері әнші Жұлдыз Османова "қарақалпақ халқына тіл тигізді" деп отыр.

 

Қарақалпақстан - Өзбекстан құрамындағы парламенттік басқаруы бар егемен республика.




Көрілген: 612    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 17:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31