Шартарап

Өзбек билігі Сардобада қайта тұрғызылған үйлерді сүріп тастады (видео)

  • https://www.centralasian.org/

    https://www.centralasian.org/

Өзбекстанның Сырдария облысы Мирзаабад ауданының басшысы 6-7 шілдеде жүз шақты милициямен Солин ауылына келіп, су шайған елді мекенде қайта тұрғызыла бастаған үйлерді ауыр техникамен сүргізді.

 

1 мамырда Сардоба су қоймасы жарылып, Солин ауылындағы 62 үйді су шайып кеткен. Қираған үйлердің иелері 40 миллион сум (шамамен $4 мың) өтемақы алып, баспананы қайтадан тұрғыза бастаған. Бірақ аудан басшылығы оларға бұл жерге үй салуға рұқсат бермей отыр. Ташкенттен келген бас жоспарда тұрғындар үйді басқа жерге салуы тиіс.

 

Куәгерлердің айтуынша, Мирзаабад ауданының әкімі Хамид Абдуллаев тұрғындармен 6 шілдеде түстен кейін кездескен. Аудан басшысымен бірге ауылға жүз шақты милиция қызметкері келді.

 

ВИДЕО:  rus.ozodlik.org/a/30712923.html

 

"Біз құрылыс материалдарыңызды тасып бере аламыз. Сіздер жаңа жерге барып, үйді сонда салу керексіздер. Жер жетеді", – дейді Абдуллаев.

 

Жергілікті тұрғындар халықтан неге рұқсат сұрамады деген сауал қойған. "Мен халықтың келісімін алуға міндетті емеспін" деп жауап берген аудан әкімі. Халық ауылдан көшуден бас тартқан. Содан кейін құқық қорғау қызметкерлері жергілікті тұрғындарға күш көрсете бастаған.

 

"Олар үйлерін қорғаған әйелдерді ұстап, автозакқа қамап қойды. Ауыр техника үйлерді сүріп болғаннан кейін ғана оларды босатты", - деді Солин ауылының бір тұрғыны.

 

ВИДЕО:  rus.ozodlik.org/a/30712954.html

 




Көрілген: 3166    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.07.2020, 15:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31