Шартарап

Өзбек кәсіпкерлеріне ғимаратты тезек жағып жылыту ұсынылды

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Ташкентте шағын және орта бизнес табиғи газ беруден ажыратылды.

 

&mdash Олар бұйрық жоғарыдан келгенін, акт жасап, газ құбырын пломбалағанын айтты. Пандемия кезінде онсыз да қиын жағдайда едік, &mdash дейді кәсіпкерлердің бірі.

 

Сергелий ауданы әкімшілігінің өкілі әлеуметтік нысандарға үздіксіз газ беру үшін шағын және орта кәсіпкерлерге, сондай-ақ метан құю бекеттеріне газ беру шектелетінін айтты.

 

Сергелий ауданының газбен жабдықтау кәсіпорнының қызметкері былай деді:

 

табиғи газдан тек кәсіпкерлер ғана емес, сонымен қатар осы аймақтағы барлық басқа да әлеуметтік маңызы жоқ  нысандар өшірілді

 

Хорезм облысындағы әк өндіру кәсіпорнының басшысы газдың өшуіне байланысты 40-тан астам жұмысшыны ақы төленбейтін демалысқа жіберуге мәжбүр болғанын айтты.

 

Шағымдардан кейін Өзбекстан Энергетика министрлігі газбен жабдықтау инфрақұрылымы қазіргі көлемге төтеп бере алмауда және алдағы уақытта жаңғыртылады деген мәлімдеме жасады.

 

&mdash Осыған байланысты табиғи газдың таралуын теңестіру үшін арнайы уақытша шаралар қабылдануда, бұл үйлерді, пәтерлерді, мектептерді, мектепке дейінгі балалар мекемелерін, ауруханаларды табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, &ndash делінген хабарламада.

 

Отын немесе тезек жағыңдар

 

Мәлімдемеде: қолданыстағы бағдарлама бойынша отынның баламалы түрлеріне &ndash сұйытылған газ, көмір және басқалар кезең-кезеңімен көшу керек делінген.

 

&ndash Осы күндері табиғи газдан ажыратылған барлық кәсіпкерге тек табиғи газға тәуелді болмай, отынның балама түрлеріне &ndash сұйытылған газға, көмірге және отынға көшуді бастау туралы алдын-ала ескертілді, &ndash дейді аудандық әкімшілік қызметкері.

 

Uzmetronom интернет-басылымы Өзбекстанда бірқатар аймақтағы мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері қазірдің өзінде көмір шаңынан тезек жасауға көшкенін хабарлады

 

Басылым сондай-ақ Түрікменстаннан 3 миллиард текше метр газ импорттау туралы уәделер орындалмағанын да жазды.

 

Ресми хабарламаларда соңғы жылдары республикада ішкі газ тұтыну 1,3 есе өсіп, жыл сайын шамамен 50 млрд текше метрді құрайтыны айтылған. Алайда, елдің табиғи газға деген ішкі қажеттілігінің көлеміне қатысты нақты сандар хабарланған жоқ.

 

Соңғы 15 жылдан астам уақыт ішінде Өзбекстанда, әсіресе қыста, энергияға деген сұраныс артқан кезде табиғи газдың жетіспеушілігі байқалады. Жүздеген шалғай ауылдардың тұрғындары  жылдар бойы газсыз өмір сүруге мәжбүр.

 

2019 жылы Өзбекстанның кейбір аймақтарында газ құю бекеттерінде және халықты қамтамасыз етуде проблемалар туындады. Нәтижесінде адамдар наразылық білдіріп, жолдарды жауып тастады.

 

 

kaz.365info.kz




Көрілген: 1606    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 01:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31