Шартарап

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы әуе байланысы жанданды

  • Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы әуе байланысы жанданды

    Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы әуе байланысы жанданды

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы әуе байланысы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Бүгін жарты жылдық карантиннен кейін алғаш рет Ташкент әуежайына Алматыдан ұшып келген ұшақ келіп қонды. Енді қос қала арасында екі елдің әуе компаниялары қатынайды.

 

Ұшақтар әзірге аптасына бір рет әр жұма күні ұшады. Қазіргі уақытта бір бағытта ұшу құны 2,5 есе қымбаттағанын айта кету керек. Жергілікті биліктің хабарлауынша, эпидемиологиялық жағдайы нашар мемлекеттерден ұшып келетін жолаушылар коронавирустың жоғын растайтын анықтаманы көрсетуі міндетті.

 

COVID-19 ПТР-тест нәтижесін өзімен бірге алып келуі тиіс. Эпидемиологиялық ахуалы түзелмеген мемлекеттерді өзбек билігі «қызыл аймаққа» жатқызады. Бірақ кеше өзбек билігі бұл тізімнен Қазақстанды алып тастады.

 

Равшан Шакиров, қазақстандық әуе компанияның өкілі: Жолаушылар ұшып келген бойда ПТР-тест нәтижесін көрсетуі керек. Бірақ сынақ қорытындысының жарамдылық мерзімі 72 сағаттан аспауы тиіс. Сонымен бірге Ташкентке ұшып келген азаматтар өзін-өзі оқшаулауға келісімін беретінін де айтқан жөн. Алайда кеше Өзбекстан Үкіметі жаңа өзгерістер енгізді. Оған сәйкес қыркүйектің 20-сына дейін Қазақстан «сары аймаққа» жатқызылады. Сол себепті Қазақстаннан ұшып келетін жолаушылар үшін талаптар жеңілдейді.




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

сенбі, 12.09.2020, 02:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31