Шартарап

Өзбекстан парламенті карантинге жабылды

  • Өзбекстан парламенті карантинге жабылды

    Өзбекстан парламенті карантинге жабылды

Өзбекстанда төменгі парламент палатасы 16 наурыздан бастап карантинге жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ centralasia.media басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстан парламенті карантинге жабылды

Фото: parliament.gov.uz

Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында депутат Дониёр Ганиев хабардар еткен.

Комитет отырыстары, палата комитеттері мен фракцияларының пленарлы отырыстары үкіметтің қабылдаған шараларына сәйкес тоқтатылған.

Депутаттың хабарлауынша, парламент ғимаратына кіреберісте медициналық бақылау жүргізіліп, жеке гигиена ережелерінің сақталуы қатаң бақылауға алынған.

"Карантинге байланысты қатаң шаралар төменгі палатаның жұмысы тоқтағанын білдірмейді. Қазіргі уақытта парламентте барлық құжаттардың электронды алмасуына жағдай жасайтын ішкі электрондық жүйе жұмыс істейді", - деді Ганиев.

Депутаттың айтуынша, заң жобаларын талқылау атқарушы биліктің заңды орындауын бақылау, азаматтарды қабылдап, олардың өтініштерін қарау электрондық түрде жүзеге асырылатын болады.

 
 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Өзбекстанда 15 адамнан коронавирус анықталған.

Ал біздің елімізде 36 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 18-і Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда.

 

 

 

 




Көрілген: 231    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 01:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Наурыз, 17:33
    Мешітте атыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31