Өзбекстан үкіметі әуежайдағы жолаушыларды жедел ПТР-тест тапсыруға міндеттеді

17 қаңтар 2022, 23:56

Ташкент халықаралық әуежайында бірнеше күннен бері ұзын-сонар кезек. Ел үкіметі жолаушылардан ақылы экспресс-тест тапсыруды талап етеді.

 

Әуе қақпасында жылжымалы зертханалар жетіспейді. Ақша айырбастау орындары да аз. Ал экспресс-тест төлемі тек жергілікті валютада қабылданады.

 

Жолаушыларда, әсіресе шетелден барған меймандарда өзбек сумының болуы сирек жағдай. Салдарынан ұзын-сонар кезек тек сынама тапсыратын жерде емес, ақша айырбастау орындарында да бар.

 

Көпшіліктің айтуынша, қолдарында теріс нәтижелі ПТР анықтамасы бола тұра, қосымша экспресс-тест тапсырту қисынсыз.

 

БЛИЦ:

 

- Кезегің келем дегенше, вирус жұқтырып алу қаупі бар. Екі рет тест тапсырдым. Ұшар алдында және осында келген соң. Өте қолайсыз ереже.

 

 - Адамдар дайын ПТР сынамамен келеді емес пе?! Ұшар алдында тапсырған жеткілікті деп ойлаймын. Мұның үстіне жолаушылардың көбінде электронды вакцина паспорты бар.

 

- Ақша жағынан қолайсыз. Екі рет тапсырған қалтаны қағып түсіреді.

 

 

 

 

24.kz