Шартарап

Өзбекстанда 1 шілдеден бастап карантин күшейді

  • Өзбекстанда 1 шілдеден бастап карантин күшейді

    Өзбекстанда 1 шілдеден бастап карантин күшейді

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Өзбекстанда карантин талаптары күшейтілетін болды, деп жазады ӨзА.

Республикалық арнайы комиссияның шешімімен коронавирустың ел аумағында тарауына жол бермес үшін 1 шілдеден бастап мемлекет аумағында карантиндік талаптар күшейтілді.

- Республиканың барлық аймақтарындағы ірі базарлар және тауарлар сатумен айналысатын ірі сауда орталықтары аптаның сенбі-жексенбі күндері санитарлық және дезинфекция жұмыстарының жүргізілуіне орай жабылады;

- «қызыл» және «сары» санаттағы аймақтарда сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін қоғамдық орталарда үш адамнан көп кісі топтануға, ал 23:00-ден 07:00-ге дейін көшеде, көпқабатты үйлердің алдына жиналуға тыйым салынады.

 

Карантин жағдайында:

- денсаулығының нашарлауына немесе жүктілікке байланысты медициналық тексеруден өту үшін медициналық мекемеге немесе қажетті дәрі-дәрмекті сатып алу үшін дәріханаға баруға рұқсат етіледі;

- «қызыл» және «сары» категориялы аймақтарда аптаның сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысына біршама шектеу қойылады.

Республикалық арнайы комиссияның шешімімен «қызыл» және «сары» категориялы аймақтарда 30 адамнан аспайтын салтанатты кештер мен түрлі той рәсімдерін санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып үйде ғана өткізуге рұқсат етілген.

www.inform.kz




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 10:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31