Шартарап

Өзбекстанда Tik Tok пен басқа да әлеуметтік желілерге шектеу қойылды

  • Өзбекстанда Tik Tok пен басқа да әлеуметтік желілерге шектеу қойылды

    Өзбекстанда Tik Tok пен басқа да әлеуметтік желілерге шектеу қойылды

Өзбекстанда Tik Tok, Twitter және ВКонтакте әлеуметтік желілерінің жұмысына шектеу қойылды. Ел президенті Шавкат Мирзияев Әмір Темір мен Әлішер Навоидің тарихи ескерткіштерін қорлады деп бірқатар блогерлердің роликтерін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілердің жұмысын шектеудің себебі – әлеуметтік желілерді пайдалану Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін өңдеу кезінде заңнама талаптарының бұзылуына байланысты, деп хабарлады ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция.

2 шілдеден бастап олар анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін "Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын бұзушылар тізіміне" енеді. Бұзушылар тізіліміне Twitter, TikTok және ВКонтакте кірді.

2021 жылдың қаңтар айының соңында "Дербес деректер туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес 15 сәуірден бастап барлық интернет-ресурстар Өзбекстан аумағында республика азаматтарының дербес деректерін сақтауға міндетті.

Мамыр айында билік ірі шетелдік интернет-компанияларға олардың деректер базасын республика аумағына көшіру қажеттігі туралы ескертті.

Тізімге Facebook Inc Google, Mail.ru, Microsoft Skype, Telegram, Tencent Wechat, TikTok, Twitter, Yandex кірген.

Бірнеше күн бұрын Өзбекстан президенті Әмір Темір мен Әлішер Навоидің тарихи ескерткіштерін қорлағаны деп Тик-Ток блогерлерін сынға алған болатын.




Көрілген: 1044    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 17:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30