Шартарап

Өзбекстанда аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті

  • Өзбекстанда аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті

    Өзбекстанда аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті

Ташкентте мамыр айы үшін рекордтық температура тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы жүз жылда болмаған аптап ыстық орнап, сынап бағанасы 40 градустан асты. Соңғы рет мұндай шіліңгір ыстық 1902 жылы тіркеліпті. Негізі осы айдың басында Өзбекстандағы күн райы тұрақсыз болды. Үш апта бойы нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соқты. Тіпті кейбір жерлерде бұршақ жауған. Соңғы он күнде Қарақалпақстан Республикасында, Хорезм, Бұқара мен Навои облыстарында күн қатты ысып, күндіз сынап бағанасы 42 градусты көрсетті. Ал шөлді аудандарда ауа температурасы 44 градусқа дейін барған.

– Қарақалпақстан мен Хорезмде мамыр айында бұрын-соңды осыншама жоғары температура тіркелмеген. Ташкентте ең ыстық күн 1902 жылы болған. Онда ауа температурасы 39,9 гардусқа жеткен екен. Ал Нүкістегі ең жоғарғы көрсеткіш 41,3 градус болса, биыл мұнда рекордтық температура орнайды деп болжап отырмыз, - дейді гидрометеорологиялық қызмет орталығы болжау бөлімінің жетекші инженері Виктория Ведерникова.




Көрілген: 1738    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.05.2020, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31