Шартарап

Өзбекстанда дезинфекциялық туннельдер тиімсіз деп танылды

  • Өзбекстанда дезинфекциялық туннельдер тиімсіз деп танылды

    Өзбекстанда дезинфекциялық туннельдер тиімсіз деп танылды

 Өзбекстанда дезинфекциялық туннельдер коронавируспен күресте тиімсіз деп танылды және тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz. ақпарат агенттігі.

Мұндай шешімді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша республикалық арнайы комиссия қабылдады.

«Ғимараттар мен басқа да нысандарға кіре берісте дезинфекциялық туннельдерді пайдалану тоқтатылды», - деп келтіреді РИА Новости Өзбекстанның штаб-пәтері өкілінің сөзін.

Сондай-ақ, ол көшелерде дезинфекциялық туннельдер «халықты тыныштандыру» үшін қолданылғанын түсіндірді.

«Барлық дерлік зерттеулер коронавирустық инфекциямен күрестегі туннельдердің тиімсіздігін көрсетеді», - деді ақпарат көзі.

Мамыр айында ДДҰ COVID-19-қа қарсы күресте көше мен жабық кеңістікті дезинфекцииялаудың тиімсіздігі туралы аралық нұсқаулық шығарды.

Ұйымның пікірінше, бұл әдіс көздің зақымдануына, тыныс алу жолдарының тітіркенуіне немесе терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін.

Еске салайық, дәл осындай туннельдер Қазақстан қалаларында да орнатылған.Осы кезде белгілі заңгер Жангелді Сүлейманов Алматы әкімдігімен соттасуда. Оның пікірінше, жергілікті қызметтер жүргізетін кіреберістер мен көшелерді дезинфекциялау заңсыз және өте қауіпті.

Stan.kz.




Көрілген: 240    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 19:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31