Шартарап

Өзбекстанда екпе науқаны басталғалы вакцинаның 18 млн дозасы салынды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Өзбекстанда екпе науқаны басталғалы COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның 18 миллионнан астам дозасы қолданылды, деп хабарлайды Хабар 24.

 

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде елде вакцинаның 18 082 373 дозасы қолданылған.

 

Бұл ретте бірінші дозаны 10 334 108 адам алса, вакцинаның екінші және үшінші компоненті (қытай-өзбек ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы үш дозамен салынады) тиісінше 5 745 222 және 2 003 043 өзбекстандық азаматқа егілді.

 

Елде вакциналаудың толық курсынан 3 596 143 адам өткен. Аймақтар арасында Ферғана және Наманған облыстары көш бастап тұр. Онда екпе салдырғандар саны 2 миллион адамнан асты.

 

Еске сала кетсек, Өзбекстанда екпе науқаны 1 сәуірде басталды. Вакцинацияға төрт препарат пайдаланылып отыр: еуропалық AstraZeneca, қытай-өзбек ZF-UZ-VAC2001, ресейлік «Спутник-V» және американдық Moderna.

 

3 тамызда республикада жұмыс істеуші тұрғындардың міндетті вакциналануы туралы заң қабылданған.

 

 

 

 




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.09.2021, 16:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31