Шартарап

Өзбекстанда инфекцияның өршуіне байланысты COVID орталықтары ашылуда

  • Өзбекстанда инфекцияның өршуіне байланысты COVID орталықтары ашылуда

    Өзбекстанда инфекцияның өршуіне байланысты COVID орталықтары ашылуда

Өзбекстанның астанасы мен өңірлерінде COVID-19-ды жұқтыру жағдайларының өсуінен және ауруханалардағы төсек-орын тапшылығынан қосымша COVID орталықтары ашылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика астанасында апта басында 2 мың орындық COVID орталықтары ашылған. Енді оларға қоса Ташкенттің Учтепин ауданындағы спорт сарайы мен Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университеті жатақханасының базасында емдеу стационарлары ашылуда.

Самарқандта қалалық спорт кешенінде өткен жылы пандемияның бірінші толқынында ашылған COVID орталығы жұмысын қайта жандандырды. Медициналық орталықта науқастарға арналған төсек орын саны 1 000-ға дейін көбейтілгені айтылады.

«Осыған дейін COVID-19 анықталған науқастар 340 орындық арнайы ауруханаларда ем алған. Алайда коронавирус жұқтырғандардың саны көбейгендіктен, біз орталық ашуға мәжбүр болдық. Мұнда қалалар мен аудандардан түскен науқастарды емдеуге қажет барлық құралдар бар, 100-ге жуық маман жұмыс істеуде», - деді Самарқанд денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ахмаджон Бободжонов.

Сонымен қатар Намангандағы «Баркомол авлод» спорт кешенінің базасында 400 орындық қосымша стационар ашылды.

«Аурудың өршуінен орталықтың жұмысын қайта жандандыру керек болды, мұнда 100-ге жуық медицина қызметкері жұмыс істейді, керек құрылғылар мен дәрілер қорлары бар. Қандай жағдайда да электр қуаты үзілмеуі керек, ауыз суы мен оттегі келіп отыруы тиіс. Барлық электр генераторлары дайын тұруы керек, оттегі қорлары алдын ала әкелініп отыруы тиіс», - деп нұсқау берді Наманган облысының басшысы Шавкатжон Абдуразаков орталықты аралау барысында.

Еске сала кетейік, осы аптаның басында Өзбекстан астанасындағы эпидемологиялық ахуалдың өршуінен «Узэкспоцентр» көрме орталығы мен «Универсал» және «Ëшлик» спорт кешендерінің базасында 2 мың орындық ковид орталықтары ашылды.




Көрілген: 596    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.07.2021, 15:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30