Шартарап

Өзбекстанда жеуге арналған шегірткелер өсіріле бастады

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Адамзаттың үштен бірі кедейшілік қамытында өмір сүреді, төрттен бірі тойып тамақ ішпейді, бестен бірі ашқұрсақ жүр, т.б. Адамзат қарасы көбейген сайын тұтыну деңгейі артып, бұл жайт өз кезегінде жер бетіндегі шектеулі ресуртың сарқылуына, осылайша азық-түлік қауіпсіздігінің әлсіреуіне алып келуде.

 

Қосымша қорек көздерін іздеген ғалымдар «болашақтың асы» атанған жәндіктерден бүгіннің өзінде қоректік заттар алып жатыр. Бұл бағытта Entomo Ventures сингупарулық компания әлемнің әр түкпірінде, соның ішінде, көрші елде де жеуге арналған шегіртке өсірумен айналысып жатыр.

 

Бұл жайында islam.kz порталы spot.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Шегірткеден алынатын азық түрлері көп: крикет, ұн өнімдері (мәселен, нан), тіпті, шоколад.

 

Қазірдің өзінде шегірткеден жасалған печенье, паста, бизе, мюсли, ақуыз шариктері, т.б. саудаға шығарылған.

 

Өзге жәндіктерді емес, неге шегіртке таңдалды?

 

Біріншіден, онда ақуыздан бөлек, темір, фосфор, магния, кальция, полисахарид бар, екіншіден A, B2 және С дәрумендеріне бай.

 

Тіпті, мамандардың айтуынша, шегіртке бойындағы кальция сүт құрамындағы кальциден көп, шпинатқа қарағанда темір көп, бұршақ тұқымдас өсімдіктерге қарағанда талшық көп кездеседі.

 

Аталған компанияның Өзбекстаннан бөлек, бұл бағытта Ресейде, Швейцарияда, Вьетнамда, Индонезияда және Біріккен Араб Әмірліктерінде жобаларын жүзеге асырып жатыр.

 

Бір ғана Өзбекстанның өзінде шегіртке фермаларына қатысты тұтас бағдарлама қабылданған. Өзбекстанда шегіртке өсірудің өз тәсілі бар, контейнерге негізделген класскикалық фермадан бас тартып отыр, дәлірегі, бұл контейнерлерді қышлақ тұрғындарына табыс етілген, олар шегірткені өсіргеннен кейін орталық фермаға табыстайды. Ал ол жерде шегірткелер өңдеу процесінен өтеді.

 

Мұндай жоба шығынды айтарықтай азайтады – шеріткелерді өңдеу үшін жұмыс күші тарталмайды, фермерлер өсіреді, орталық ферма өңдейді. Фермерлер бір контейнердің өзінен табыс таба алады.

 

Өзбекстан өзінде шегірткеден өндірілген өнімдерді Еурпоаға, Таиландтқа, Вьетнамға экспорттауды жоспарлап отыр.

 

Шегірткелерді өсіруде осы заманғы озық технология пайдаланылады, соның ішінде IoT-датчигінің, видеокамераның, нейрожелінің көмегімен жәндіктің меніз-құлқы зерделенеді.

 

Мәселен, видео арқылы шегірткенің жынысы анықталады, ал шегірткенің шырылы аудиожазба арқылы қадағаланып, жәндіктің жай-күйі, соның ішінде температурасы, шөлдегені, ашыққаны анықталады. Мұның бәрі шегіртке өсіру процесін автоматтандырып, қол еңбегінің үлесін азайтуға септігін тигізеді.

 

Негізінде шегірткенің айғырынан ұн жасалы, ал ұрғашысынан түрлі тіске басар тағамдар дайынлады. Шегірткені азық ретінде пайдалану, біріншіден, экономикалық шығыны көп ірі қара шаруашылығының одан ары таралуына тосқпауыл бола алады; екіншіден, экономикалық тиімділігі – ірі қара атмосфераға бөлетін улы газдың азаюына септігін тигізеді.

 

Бүгінде жәндіктен алынған қорек нарығы шапшаң дамып келеді – жылдық орташа қарқыны 38%-ға жеткен.

 

Entomo Ventures боджамына сәйкес 2026 жылы бұл саланың нарықтағы үлесі 1,4 млрд долларға жетпек, ал бұл көрсеткіш 2018 жылы 152 млн доллардан аспап еді.

 

Бұл жайт өз кезегінде Азия мен Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде аталған жәндік өнімдерінің заңдастырылуына жол ашпақ.

 

 

 




Көрілген: 632    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 12:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31