Шартарап

Өзбекстанда карантин шаралары ұзартылды

  • Өзбекстанда карантин шаралары ұзартылды

    Өзбекстанда карантин шаралары ұзартылды

Өзбекстанның коронавируспен күрес жөніндегі үкімет комиссиясы карантин шараларын 15 тамызға дейін ұзартты.
Карантин шаралары кезінде салтанатты шара өткізуге тыйым салынған, азаматтардың маска тағып, қоғамдық орындарда топтасып жүрмеуі міндетті. Көпшілік орындарда үштен астам адамның жиналуына тыйым салынған, жасы 65-тен асқандар өте қажетті жағдайда ғана үйлерінен шыға алады.

15 тамызға дейін азық-түлік емес базарлар, ірі сауда орталықтары, саябақтар, бірқатар қызмет көрсету кәсіпорындары жұмыс істемейді, қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты шектелген. Мейрамхана, дәмханалардан тек тамақ сатып алып кетуге ғана рұқсат.

Комиссия өкілдерінің айтуынша, карантин шараларын қайта күшейту нәтиже берген: халық арасында COVID-19 жұқтырғандар азайған және жазылғандар саны көбейген.

Азаматтардың шектеу шараларын атап айтқанда, өзін оқшаулау, қоғамдық орындарда әлеуметтік оқшаулану, медициналық маска тағу, антисептик және жеке қорғаныш заттарын қолдану, сабынмен қол жуу сияқты ережелерді қатаң сақтауы коронавирустың тарауын тоқтатудағы негізгі фактор, – делінген хабарламада.
Өзбекстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирус жұқтырғандар 20 531 адамға жеткен. 10 831 адам жазылған. 116 адам қайтыс болған.


BAQ.KZ




Көрілген: 480    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.07.2020, 08:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30