Шартарап

Өзбекстанда Құрбан айтты отбасында ғана атап өту туралы қаулы шықты

  • Өзбекстанда Құрбан айтты отбасында ғана атап өту туралы қаулы шықты

    Өзбекстанда Құрбан айтты отбасында ғана атап өту туралы қаулы шықты

Өзбекстан президент Шавкат Мирзиёев ел тұрғындарын Құрбан айт мерекесін карантин шараларын сақтай отырып отбасымен үйлерінде қарсы алуға үндеді. Тиісті қаулыға кеше республика басшысы қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қарақалпақстан Республикасы Министрлер кеңесі, облыс және Ташкент қаласының хокимияттары Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Дін істері жөніндегі комитет, Махалли және отбасын қолдау министрлігімен бірлесіп, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарға Құрбан айтты біздің халқымыздың ұлттық және діни дәстүрлеріне сәйкес және карантин талаптарын сақтай отырып, отбасыларымен өткізу басымдықтары туралы түсіндірме жұмысын жүргізсін», - делінген қаулыда. Сондай-ақ, қаулыда демалыс күндерін 17 шілде, сенбіден 21 шілде – сәрсенбіге және 24 шілде, сенбіден 22 шілде – бейсенбіге ауыстыру қарастырылған. Осылайша, өзбекстандықтар Құрбан айтта қатарынан үш күн, яғни 20-22 шілде күндері демалады. Еске сала кетсек, Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуы салдарынан 28 маусымнан бастап карантин шаралары күшейтілген. Коронавирусқа шалдыққандар санының күрт өсуіне байланысты ел астанасы мен аймақтарда қосымша ковид-орталықтар ашылуда.
ҚазАқпарат




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.07.2021, 15:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30