Шартарап

Өзбекстанда тәуелсіз журналист Бобомурод Абдуллаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс аяқталды

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Өзбекстандағы тәуелсіз журналист Бобомурод Абдуллаев Facebook желісінде жарияланған видеоүндеуінде өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істің аяқталғанын мәлімдеді.

 

Журналистің сөзінше, 23 қазан күні оған Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) Мансур Эргашев қоңырау шалып, Ішкі істер министрлігінің шетелге шығу және миграцияны рәсімдеу басқармасына келуді сұраған. Абдуллаев адвокатымен бірге айтылған жерге сағат 16.00 уақытында жетіп, ғимарат ішіне кіргенде МҚҚ аға тергеушісі Мансур Эргашев жергілікті журналистердің көзінше осы жылдың 29 маусымында қозғалған қылмыстық істің аяқталғанын мәлімдеген. Дәл сол жерде шетелге шығу және миграцияны рәсімдеу басқармасының инспекторы Улмасбек Сабиров Абдуллаевқа шетелге шығуға мүмкіндік беретін жаңа паспорт тапсырған.

 

«Бұдан былай маған қатысты қылмыстық қудалау болмайтынын, әлемнің кез келген еліне емін-еркін бара алатынымды, сондай-ақ Өзбекстан территориясында да еркін жүріп-тұра алатынымды айтты. Олар сонымен қатар жуық арада қылмыстық істі қозғау аясында тәркіленген жеке заттарымның қайтарылатынын мәлімдеді" деді Бобомурод Абдуллаев видеоүндеуінде.

 

Бобомурод Абдуллаев 8 тамыз күні Бішкекте жүрген жерінен ұсталған. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Өзбекстан тарабының өтініші бойынша журналисті қамауға алып, 22 тамыз күні Ташкентке экстрадициялаған.

 

Өзбек билігі журналисті сегіз сағат тергеп, артынан босатқан, бірақ қылмыстық істі аяқтамаған. Билік журналиске қандай айып тағылғанын әлі күнге дейін нақтыламай отыр.

 

Бобомурод Абдуллаевтың сөзінше, Өзбекстан билігі оны «Қора Мерган" дейтін лақап атпен үкіметке қарсы мақала жазды деп айыптаған. Журналист бұл айыптарды жоққа шығарады.

 

Журналистің үстінен қылмыстық іс үш жыл бұрын да қозғалған. 2017 жылы 27 қыркүйекте сол кездегі Ұлттық қауіпсіздік қызметі (қазіргі Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі &ndash ред.) Абдуллаевты ұстап, артынан қылмыстық іс қозғаған. Қауіпсіздік қызметі оны «Усман Хакназаров" деген лақап атпен Өзбекстанның конституциялық құрылымына қарсы мақала жариялады деп айыптады. Журналист аталмыш лақап атты қолданғанын мойындады, бірақ зорлық-зомбылыққа шақыратын материалды жариялағанын жоққа шығарды. Сот отырысы кезінде журналист тергеу барысында азапталғанын мәлімдеді. Прокурор Абдуллаевты бес жылға соттауды сұраған.

 

2018 жылы 7 мамырда сот Абдуллаевты конституциялық құрылымға қол сұғу айыбы бойынша кінәлі деп танып, 1,5 жылдық мәжбүрлі еңбекке үкім кесіп, сот залынан босатты.

 

ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі, Amnesty International ұйымы, "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists, CPJ) секілді өзге де халықаралық ұйымдар Бобомурод Абдуллаевтың сот залынан босатылуын оң бағалаған.

 

 

azattyq.org

 




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.10.2020, 02:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30