Шартарап

Өзбекстандағы апат: 17 мыңнан астам адам дәрігердің көмегіне жүгінген

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Өзбекстанда бөгет жарылып, ауылдарды су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгетін су шайып кеткендіктен, коммуникациялық желілер мен ауылшаруашылық алқаптар да зақымданған.

 

Оқиға орнына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев барып, апат салдарын жоймайынша бұл жерден ел тізгінін ұстаған бір де бір басшы кетпейтінін мәлімдеді.

 

Кеше жергілікті уақытпен кешкі сағат бесте қоймадан судың ағыны тоқтатылғанын айтып кету керек. Содан бері апаттың салдарын жою жұмыстары басталды. Атап айтқанда, құтқарушылар бөгет бұзылған жерде жағаны бекітіп жатыр. Есесіне осы уақытқа дейін дамба маңындағы елді мекендерден шамамен 70 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Олар Сырдария және Жизақ облыстарында арнайы құрылған эвакуациялық орталықтарына жеткізілді. Жалпы, кешелі бері 17 мыңнан астам адам дәрігерге қаралды. Оның ішінде 56 адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.


 




Көрілген: 737    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 12:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30